Мәдениет және ақпарат саласының үздіктері марапатталды
Республика күні қарсаңында еліміздің мәдениет және ақпарат саласына еңбегі сіңген бір топ азамат та марапатталды.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері ақын, жазушы Темірхан Медетбек, Владимир Михайлов және Исраил Сапарбай «Қазақстанның халық жазушысы» атағын алса, театр және кино актерлері Кеңес Жұмабеков, Лидия Кәденова, Гүлжан Шынтемір мен Әлихан Ыдырешова және әнші Майра Ілясова «Қазақстанның халық әртісі» атанды. Сондай-ақ еліміздің дамуына үлес қосқан басқа сала мамандары «Құрмет ордені», «Ерен еңбегі үшін» атағымен марапатталды.
Майра Ілиясова, Қазақстанның халық әртісі:
Былтыр жарқырап Димаш баламыз алды. Әрине Қазақстанды әлемге танытып жүрген жұлдызымыз. Биыл бізге де кезек келді. Сондықтан бұрынғыдан да құлшынып жұмыс істейміз. Көңіл күйіміз өте жақсы. Ең бірінші халқымыз, еліміз аман болсын. Ең мықты үлкен мемлекетке айналайық. Соны шын жүректен тілеймін және Республика күніміз құтты болсын.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15