Жетісу облысында 17 отбасы баспаналы болды
Жетісу облысында Республика күні қарсаңында 17 отбасы баспаналы болды. 4 жеке тұрғын үй Балпық би ауылында берілсе, 14 үйдің кілті Жарлыөзек ауылында кезекте тұрған азаматтарға таратылды.
Бұл үйлер Көксу ауданының 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде салынды. Қоныс тойы қуанышына көпбалалы отбасылар, жалғыз басты аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен бюджеттік мекеме қызметкерлері ие болды.
Ал жыл соңына дейін халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтар үшін 50 жалдамалы жеке тұрғын үй беру көзделген.
Гауһар Сағынбекова, ауыл тұрғыны:
Ұлым мүгедек. Көпбалалы анамын. 2014 жылдан бері пәтер жалдап тұрамыз. Беріліп жатқан үйіміз өте жарық, кең, әдемі. Балаларымыздың көңілінен шықты, қуанып жатыр.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15