Астанада ерекше жандарға әлеуметтік жобалар таныстырылды
Қоғамның инклюзивті өсуін ілгерлету үшін «Өмірді өзгертетін әлеуметтік жобалар» ауқымын кеңейту керек. Бүгін ерекше жандарға арналған форумда осындай бастама көтерілді. Шараға қатысқан 20-ға жуық үкіметтік емес ұйым өкілдері мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қолдауға бағытталған түрлі бастамаларын таныстырды. Ұйымдастырушылар осы арқылы мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қолдау бағытында ақпараттандыруды көздейді. Қазір елде 725 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оның 420 мыңы жұмысқа қабілетті.
Захира Бегалиева, «Iteachme» қоғамдық қорының директоры:
Ең маңызды нәрсе ол мүгедектігі бар адамдарға қандай жобалар Қазақстанда өтіп жатқанын көрсету, осындай жобалар керек екенін көрсету. Әлеуметтік жобалар Қазақстанда өте көп. Бірақ әрқайсысы өз өңірінде жасайды, көп адамдар естімейді, тек сол жобаға қатысатын адамдар ғана біледі. Ал біздің мақсатымыз сол жобаларды республика деңгейіне көтеріп, танымал қылу.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Астана Опера» театрында Вердидің «Травиатасы» сахналанды
06.04.2026, 17:27
Биыл Алматыға 550 мың түрлі ағаш егеді
06.04.2026, 17:25
«Ауыл аманаты»: БҚО-ға ₸ 14,8 миллиард бөлінген
06.04.2026, 17:22
Алғаш рет изолейцин және лейцин өнімі шығарыла бастады
06.04.2026, 17:20
Алматыда қалдықты құрылыс материалына айналдыратын зауыт ашылды
06.04.2026, 17:17
Жамбылдық жас мамандар жұмысқа конкурссыз қабылдана бастады
06.04.2026, 17:15
Су инфрақұрылымы цифрлық жүйеге көшеді
06.04.2026, 17:12
Қостанай облысы тасқынға толық дайын
06.04.2026, 17:10