Қазақстан білім сапасын арттыруға инвесторларды іздейді
Қазақстан білім беру сапасын арттыруға дайын инвесторларды іздейді. Бұл туралы Мемлекет басшысы шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысында мәлімдеді. Оған ірі шетелдік компаниялардың, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік органдар және ұлттық компания өкілдері қатысты.
Айя Мүтәлі, тілші:
Шетелдік инвесторлар кеңесі 1998 жылы құрылған болатын. Бүгінге дейін 35 жиын өтті. Бүгін міне отыз алтыншы рет бас қосып жатыр. Жалпы кеңес құрамына 37 ірі трансұлттық компания, халықаралық ұйымдар мен министрлік басшысы кіреді. Бүгін олар Қазақстанның өнімін сыртқа экспорттау, елге инвестиция тарту, цифрландыруды жетілдіре түсу мен экологияны жақсарту төңірегінде ұсыныстар айтты. Жиын президент төрағалығымен өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан қара және түсті металдарды өндіру мен экспорттауда әлемдік көшбасшылардың бірі саналатынын атап өтті. Сонымен қатар, еліміз әлі де импортқа тәуелді. Инфрақұрылымды дамытудың 2029 жылға дейінгі ұлттық жоспары жергілікті өндірушілер үшін кең мүмкіндіктерге жол ашып, бұл мәселені шешуге ықпал етеді дейді Президент. Себебі оның аясында құны 86 миллиард доллардан асатын 200-ге жуық ірі жоба іске асырылады. Ал өнеркәсіпті дамыту үшін білікті мамандар қажет. Осы ретте президент елімізге білім беру сапасын арттыруға және инфрақұрылымды жетілдіруге дайын инвесторлар қажет екенін баса айтты. Бұдан бөлек әр өңірде әкімдердің басшылығымен Өңірлік инвестициялық штабтар құрылатын болады. Олар шетелдік кәсіпкерлердің мәселесін шешуі қажет.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15