Араб әмірлігі ЖИ-ді энергетика саласында қолданбақ
Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби ұлттық мұнай компаниясы (ADNOC) энергетика саласында тұңғыш рет жасанды интеллектіні пайдаланбақ. Бұл мақсатта компания AIQ және Microsoft компанияларымен ынтымақтасады. Мұнай компаниясының басшысы Сұлтан бен Ахмед әл-Жабер осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа технологияларды енгізу электр қуатын көптеп қажет етеді. Мысалы алдағы 6 жылда мәліметті өңдеу орталықтарының саны екі есе артады. 2030 жылға қарай бұл сұранысты өтеуге 150 гигаватт бекітілген қуат қажет болады. Бұл мәселені шешуге жасанды интелектіні енгізу қажет. Мұндай шешім энергетика саласына айтарлықтай өзгеріс әкеледі.
Сұлтан бен Ахмед әл-Жабер, Әбу-Даби Ұлттық мұнай компаниясының басшысы:
«Жасанды интеллектіні қуаттандыру» атты шешімді қуанышпен жариялаймын. Энергетика саласына алғаш рет жасанды интеллект қолданылады. Ол петабайт деректі өңдеп қана қоймай, жұмысты автономды түрде жақсарта алады. Ол қабылдайды, ойлайды, үйренеді және әрекет етеді. Бір ай бойы жүретін сейсмикалық зерттеулердің уақытын бірнеше күнге қысқартады.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15