Мемлекет басшысы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы байланысқа оң баға берді. Бұл өзара диалог пен үкіметаралық және парламентаралық үйлесімді жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті. Сондай-ақ Ресей президентінің Қазақстанға жоспарлаған мемлекеттік сапары ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына серпін беретініне сенім білдірді.
Ал, Сергей Лавров бұл сапарға Мәскеу тарапы тыңғылықты дайындалып жатқанын жеткізді. Әрі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының 80 жылдығына орай Астанада ғылыми конференция ұйымдастырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15