ТЖМ: Қауіпсіздік шаралары сақталмаса, өрт көбеюі мүмкін
Жылыту маусымы басталғалы елдегі тұрғын үй секторында 650 өрт тіркелген. Салдарынан 31 адам қаза тауып, 20 азамат жарақат алған. Егер қауіпсіздік шаралары сақталмаса, қыс аяқталғанша бұл цифр өсуі мүмкін дейді ТЖМ. Осыған байланысты аула рейді дәстүрлі түрде өтті.
Шара аясында жеке меншік үйлердегі жылыту жабдықтары, пештер мен электр құралдары тексерілді. Бұдан бөлек, тұрғын үйлерге автономды өрт сөндіру датчиктері орнатылды. Биыл әлеуметтік осал топтағы азаматтардың үйлеріне 14 мыңнан астам осындай құрылғы қойылған.
Елдос Зияда, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы:
Біз рейдтік іс-шара кезінде негізінен әлеуметтік осал топтарға назар аударамыз. Бұл датчиктарды бізде жергілікті әкімшілік береді, ол тегін. Бірақ та ол ашық сатылымда бар. Кейінгі 4 жылдық статистиканы алатын болсақ 246 адамды датчик арқылы құтқарып қалдық.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15