Әлеуметтік кәсіпкерлердің Еуразия құрылтайы өтті
Әлеуметтік кәсіпорындар көбіне гранттар мен қайырымдылыққа тәуелді. Сондықтан әлеуметтік жобаларды қолдау үшін микроқаржыландыру тетіктері мен басқа механизмдерді дамытудың маңызы зор. Парламент депутаттары әлеуметтік кәсіпкерлермен және барлық мүдделі тараппен бірлесіп жұмыс істеуге дайын. Бұл туралы Астанада өткен әлеуметтік кәсіпкерлердің Еуразия құрылтайында жоғары палата спикері Мәулен Әшімбаев айтты. Жиынға әлемдік көшбасшылар, ESG саласындағы жетекші сарапшылар, қоғамдық және халықаралық ұйымдар мен қайырымдылық қорлардың өкілдері қатысты. Шарада Сенат Төрағасы Президенттің құттықтау хатын оқыды.
Мәулен Әшімбаев, Сенат Төрағасы:
Әлеуметтік кәсіпкерлер мемлекеттің маңызды серіктестері екенін атап өткен жөн. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы» заң қабылданды. Сондай-ақ Әлеуметтік Кодекске тиісті өзгертулер енгізілді. Бұл алғаш рет әлеуметтік кәсіпкерлер қызметінің құқықтық мәртебесін анықтауға және оған қажетті құқықтық негіз қалыптастыруға жол ашты. Осыған байланысты әлеуметтік кәсіпкерлер мемлекет тарапынан қаржылық, инфрақұрылымдық және консультациялық қолдау алу мүмкіндігіне ие болды.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53