Қысқы Азия ойындарына Қазақстаннан 139 спортшы қатысады
Қытайдың Харбин және Ябули қаласында өтетін ІХ Қысқы Азия ойындарына Қазақстаннан 139 спортшы қатысады. Олар биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, тау шаңғысы сынды спорттың 8 түрінен 50 медаль жиынтығын сарапқа салады. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Ұлттық құрамадағы спортшылардың 71-і ерлер ал 68-і әйелдер. Дүбірлі дода 7 ақпанда басталып, 14 ақпанда аяқталады. Оған әлемнің 32 елінен 1100-ден астам спортшы қатысады. Қысқы Азия ойындарын Қазақстан да бір рет қабылдаған еді. Байрақты бәсеке 2011 жылы Астана және Алматы қалаларында өтіп, Ұлттық құрама жалпы командалық есепте бірінші орын алған.
Азамат Имашев, Туризм және спорт министрлігі комитет төрағасының орынбасары:
1996 жылы ІІІ Қысқы Азиада осы Харбин қаласында өткен. Онда Қазақстан 14 алтын, 9 күміс, 8 қола жүлдені жеңіп алған. Бұл жалпы есепте екінші орын болған. Жалпы Қазақстан Қысқы Азия ойындарында 96 жылдан бері 78 алтын, 62 күміс, 56 қол медаль жеңіп алған.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15