«Таза Қазақстан»: Волонтёрлер қар күреп, жалғызілікті қарияларға көмектесті
Астанада «Таза Қазақстан» акциясы әлі де жалғасып жатыр. Жастар ресурстық орталығының волонтёрлері бүгін қар күреп, жалпыұлттық эко-челленджге өз үлесін қосты. Қалаға іргелес аймақтағы жолдарды қалың қардан тазалап, жалғызілікті жандарға көмектесті. Дәстүрге сай, орталыққа келіп түскен қоңыраулар мен өтініштерді іріктеп, қарияларға қол ұшын созды. Ауласындағы қарын күреп, отынын тасып берді. Жалпы, сәуір айында бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акция аясында елорда жастары сенбіліктермен қоса, осындай игі істерге де ұдайы атсалысып келеді.
Анель Низикенова, волонтёр:
Акцияны қолдап, «Астана жастары» волонтерлері қарияларға көмектесіп, қар күреп, отын, ағаш тасып, көмектесуге келіп отырмыз. Бізге қариялар өздері жазады көмек қажет деп. Сол кісілерге барып, қыста қар күрейміз. Ал көктем, жаз кездерінде ағаш отырғызамыз, тазалықты сақтауға көмектесеміз.
Қаракөз Тұрмағамбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15