«Мың бала» жобасының жеңімпаздары марапатталды
«Мың бала» жобасының жеңімпаздары марапатталды. Астана төрінде құрметке бөленгендердің барлығы өз өңірлерінде бас жүлде иеленген кіл мықтылар.
Дамир Тайржан, «Мың бала» жобасының Алматы қаласы бойынша жеңімпазы:
Мен өзім ұйғыр ұлт өкілімін. Алматыдан бас жүлдені алып, смартфон ұттым. Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Мың бала» жобасына қатысуымның басты себебі, өзімнің қазақ тіліне деген ынтамды арттырып, деңгейімді көтеру деп ойлаймын.
«Мың бала» - мәдени-ағартушылық жоба. Түрлі этнос өкілдері қазақ тілін үйреніп ғана қоймай, ұлттық рухани-құндылықтармен танысып, үйренеді. Мақсат, татулықты ту етіп, береке-бірлікті насихаттау. «Мың бала» дәстүрлі жоба. Қазақстан Халқы Ассамблеясының бастамасымен 2015 жылы жүзеге асты. 9 жылдың ішінде 125 мың іс-шара ұйымдастырылған. Оған түрлі этнос жастарының 3 млн. жуық өкілі қатысқан.
Алишер Сатвалдиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай, қазақ тілінің ашықтығы, бұл қазақтың ашықтығы, қазақ даласының ашықтығы. Сол даланың құнарынан нәр тартып отырған көп этносты қазақстандықтардың, осы қазақ мәдениетіне, тіліне, ұштасуы, тұтасуы осы шаралардың арқасында өтіп отыр.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері өңірге 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08
Астанада «Болашақ ойындары 2026» халықаралық турнирі басталды
29.07.2026, 13:07