«Таза Қазақстан» акциясы қыста да жалғасады
«Таза Қазақстан» акциясы қыста да жалғасады. Қар қалың жауатын аймақтағы эко-белсенділер жеке үйде тұратын жалғызілікті жандар мен қариялардың ауласын тазартады. Ал, акция басталғалы Шығыс Қазақстан облысында 500 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Әуелі ауыл-аймақтың маңындағы талай жылдан бері тау болып үйліп жатқан полигондарды реттеді. Одан соң тарихи ескерткіштер мен көпшілікке арналған саябақтар жиналды. Бұл жұмыстардың денін волонтерлық ұйым өкілдері мен студенттер атқарды. Бүгін Өскемендегі жастар ресурстық орталығының белсенділері қаладағы жоғарғы оқу орындары студенттеріне арнайы семинар өткізді.
Айдос Әділбеков, ШҚО жастар ресурстық орталығының директоры:
Біздің қазіргі бағытымыз ағартушылық жұмыстарға көшіп жатырмыз. Біздің барлық қала, аудандағы эковолонтерларымыз түрлі форматта кездесулер өткізуде. Бұл кездесулердің басты мақсаты халыққа, соның ішінде жастарға экологиялық мәдениеті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, табиғаты аялау мәселелерін жастардың бойына сіңіру болып табылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауының үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
28.07.2026, 20:10
Ертең «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі басталады
28.07.2026, 20:07
Ертең «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
28.07.2026, 20:07
Желілерді жаңартуға 13 триллион теңге бөлінеді
28.07.2026, 20:05
Әлеуметтік желі арқылы заңсыз контент таратқан 9 стример жауапқа тартылды
28.07.2026, 20:05
Қайтыс болған адамның несиесі кімге жүктеледі?
28.07.2026, 20:05
Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавл қаласында орналасқан
28.07.2026, 20:04
Қарызды өтеу: Коллекторлардың қызметі өзгереді
28.07.2026, 20:04