Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25% көтерді
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға көтерді. Бұған Қазақстандағы жылдық инфляцияның қазан айында 8,5%-ға дейін өсуі себеп болған. Ал инфляцияға «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру аясында реттелетін қызметтердің айтарлықтай қымбаттауы және теңгенің әлсіреуі әсер еткен. Алдағы бір жылда инфляция деңгейі 12,5% болады деп болжанады.
Тимур Сүлейменов, Ұлттық банк төрағасы:
Ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен бағаның өсу қарқыны артты. Қазан айында жылдық инфляция ұзақ уақыт баяулағаннан кейін 8,5% дейін қайта көтерілді. Қыркүйекте ол 8,3% болған еді. Инфляцияның көтерілуіне ақылы қызметтер бағасы да әсер етіп отыр. Қазан айында бағаның бір айдағы өсу қарқыны 0,9% жетті. Бұл экономикадағы проинфляциялық қысымды және инфляциялық үрдістердің тұрақсыздығын білдіреді.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15