Президент Қытайдың Қазақстандағы елшісін марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Президент Аспан асты елінің өкіліне бұл марапатты қазақ-қытай достығын табысты дамытуға, мемлекетаралық байланыстарды тереңдетуге қосқан үлесі үшін табыстағанын айтты. Кездесу барасында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытайды ғасырларға ұласқан берік достық пен тату көршілік қатынастар байланыстыратынын атап өтті. Бүгінде екі елдің ықпалдастығы қарқынды әрі сан қырлы сипат алғанын айтты. Өз кезегінде Қытай елшісі Чжан Сяо Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Бейжіңнің жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға бейіл екенін жеткізді.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53