Шымкентте заңсыз шығарылған активтер есебінен жатақхана салынады
Заңсыз шығарылған активтер есебінен Шымкенттегі «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжіне» жатақхана салынады. Бұл мақсатқа Үкімет 2,6 миллиард теңге қаражат бөлді. 300 орынға шақталған жатақханада қыздар мен ұлдарға арналған және медициналық блоктар болады. Яғни нысан барлық талаптарға сай болмақ. Бүгінде оқу орнында 360-тан астам адам оқиды. Олардың 100-ден астамына жатақханада орын жетіспейді. Сондықтан кейбір кабинеттер жатын бөлме ретінде пайдаланылып отыр. Ал 67 оқушы үйде оқуға мәжбүр.
Дилнора Хаджиметова, тәрбиеленушінің анасы:
Жоғарыдан сұрайтынымыз – осы мектепке бір жатақхана болса екен. Қазіргі заманауи жатақхана болса екен деген өтінішіміз бар. Салып берсе, барлық ата-аналар жиналып алғысымызды білдірер едік.
Ерлан Пірімқұлов, Шымкент қаласы білім басқармасының маманы:
Бұл жерде 120 баланың орнына 360 бала жатыр. Бұл жерде мүгедектігі бар балалар ғой, сондықтан ыңғайластырып, ойнату керек. Қосымша бөлмелер, спорт залдар керек. Соған өте ыңғайлы қылып, әр балаға 4,5 шаршы метрден есептеп, 300 орындық жатақхана салуға жобалық сметалық құжаттары дайындалған.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15