Қыз алып қашқандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек
Қыз алып қашқандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек. Мәжілісмендер бүгін осындай бастама көтерді. Олар қыз баланың құқығын таптайтын мұндай әрекеттердің жиілеп кеткенін айтады. Мысалы соңғы үш жылда 214 қылмыстық іс бойынша арыз түсіп, оның 10-ы ғана сотқа жеткен. Сондықтан депутаттар қылмыстық кодекстің 215-бабын қайта қарап, қыз алып қашуға қатысты нормалар енгізу керек дейді. Бұл ұсынысты Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов та құптап, алдағы отырыста қайта қаралатынын айтты.
Мұрат Әбенов, Мәжіліс депутаты:
Президент көктемде, наурыз айында осындай тапсырма берді, бірақ әлі ештеңе жасалған жоқ. Неге ол тек Парламенттің, тек Ішкі істер министрлігінің жұмысы емес қой. Сол себепті менің ойымша, біз заңмен қатаң шектеу қоюымыз керек.
Еділ Жаңбыршин, Мәжіліс депутаты:
Әке-шешесімен келіспей, қызбен сөз байласпай, көшеден көрінген адам салып алып, ол тауар емес, ол зат емес, ол адам ғой. Оның тағдырына әсер етеді. Мынау деген қоғамдағы үлкен дерт қой. Қылмыстық жауапкершілік қарастырылу керек бұл мәселеге.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15