Астанада студенттер қаржылық сауатын арттырды
Биыл елде 68 қаржы пирамидасы тергеліп, оларға қатысты 300-ге жуық чат бұғатталған. Бұл туралы бүгін студенттерге арналып «Қаржылық сауаттылықты арттыру, тәуелділік пен киберқылмысқа қарсы күрес» тақырыбында өткен шарада айтылды. «Тәртіпті өзіңнен баста!» эстафета аясында ұйымдастырылған жиында қаржы мониторинг агенттігінің өкілдері, қаржылық пирамидалар жұмысы, дроп схемалар, лудомания және киберқылмыс сияқты өзекті мәселелерді ортаға салды. Әрбір тақырып бойынша мысал келтіріп, оның алдын алу жолдарын айтты.
Әлібек Әбділов, ҚМА ресми өкілі:
Биылдың өзінде 68 қаржы пирамидасын тергеу ісі аяқталды және біздің превенция және аналитикалық талдамалар Департаменті интернеттен 47 қаржы пирамидасы анықталған болатын. Соның нәтижесінде 300-ге жуық WhatsApp және Telegram чаттары бұғатталды. Демек бұл чаттарда отырған 2 миллион адам болашақта қаржы пирамидалардың потенциалды салымшылары болып есептеледі. Яғни осындай алдын-алу жұмыстары жүргізілуде.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдіктер Қазақстанға келу үшін электронды рұқсат алуы керек
02.11.2026, 13:02
Президент жұмыс бабымен Қарағанды облысына барды
02.11.2026, 13:00
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03