Астанада Euronews телеарнасының өңірлік кеңсесі ашылды
Астанада Euronews телеарнасының өңірлік кеңсесі ашылды. Енді әлемдік ақпарат агенттігі Қазақстаннан да хабар таратады. Бұған дейін Бірлескен ынтымақтастық аясында Euronews 39 миллионнан астам көрерменді қамтыған Көшпенділер ойындарының материалдарын трансляциялаған.
Сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасы мен инвестициялық жобалары туралы 10 бағдарлама, хабарлар мен сұхбаттар жарияланды.
Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:
Euronews объективті әрі өзекті ақпарат тарататын халықаралық сенімді ақпарат көзі ретінде өзін танытқан бірегей медия. ол әлем халқын біріктіруге ықпал етіп келеді. Euronews кеңсесінің ашылуы тек географиялық ауқымын кеңейту емес, сондай-ақ, Қазақстанның бай мәдени мұрасын, заманауи жетістіктерін әлемге көрсетуге берілген жаңа мүмкіндік деп білемін.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53