Қазақстан мен Гвинея-Бисау президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге ресми сапармен келген Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды. Екі ел осы алаңда инвестиция, жасыл және исламдық қаржыландыру, сондай-ақ қаржы саласының мамандарын оқыту секілді басым бағыттар бойынша ынтымақ орната алады. Бүгінде қаржы орталығы арқылы тартылған инвестиция көлемі 14 миллиард долларға жеткен. Мұнда 85 елдің 3400-ден астам компаниясы тіркелген. Олардың қатарында Африка құрлығынан 6 компания бар. Лидерлер АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің жұмысымен және қаржы орталығының реттеу режимінің ерекшеліктерімен танысты.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15