Бала асырап алатындарға талап күшейеді
Елімізде енді бала асырап алатындарға талап күшейеді. Бүгін Сенат отырысында баланың құқығын қорғау туралы заң жобасы аясында тиісті түзетулер енгізу мәселесі қаралып, мақұлданды. Бұған кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын жыныстық зорлық-зомбылықтың көбеюі себеп болып отыр. Мәселен, биыл балаларға қатысты 890 қылмыс жасалған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 8 пайызға көп. Жоғарғы палата депутаты – Нүрия Ниязова Конституциялық сот үйленбеген ер адамдарға бала асырап алуға тыйым салатын норманы заңсыз деп танығанын еске салып, заң жобада осыған айрықша мән беру керек деді. Ал, бала асырап алатын ерлі-зайыптыларға жаңа талаптар қойылмақ.
Еділ Оспан, ҚР Оқу-ағарту министрінің орынбасары:
Министрлік тарапынан бірқатар қатаңдату шаралары енгізіліп отыр. Мәселен, енді бала асырап алушы мен баланың арасындағы жас айырмашылығы ескеріледі. Бала асырап алушының сотталған-сотталмағаны туралы ақпарат жыл сайын жаңарып тұруы керек. Психологиялық диагностикадан міндетті түрде өтуі керек және акредиттелген ұйымдар арқылы оқытылуы қажет. Аталған түзетулер қазір мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр. Процесс аяқталғаннан кейін ол Парламентке енгізіледі.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15