Талдықорғанда еңбек адамына құрмет көрсетілді
Талдықорғанда ауыл шаруашылығы саласында тер төгіп жүрген диқандар мен малшылар қауымы «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталып, үздік шаруа қожалықтары мен серіктестіктер қаржылай сертификаттарға ие болды. Екі шаруашылыққа трактор кілттері табысталды.
Сондай-ақ бірқатар азамат үкімет басшысының, министрліктің және өңір басшысының құрмет грамоталарын иеленді. Жалпы биыл өңір диқандары 510 мың гектар жер игеріп, дақылдың бірнеше түрінен рекордтық өнім жинады. Төрт түлік саны 2,5 млн басқа жетті. Саланы қолдауға жергілікті және республикалық бюджеттен 35 млрд теңге қаржы бөлінсе, оның 23 млрд теңгесі субсидия.
Зейнеқабыл Қалманбетов, Еңбек ардагері:
Халықты асырайтын ауыл шаруашылығы. Сол ауыл шаруашылығы болмаса ары қарай мынау нан да, бәрі де осы ауылшаруашылығының еңбегі ғой. Еңбек өте қиын. Жаздай еңбек етіп, су тапшылығы тағы да болып жатыр. Су тапшылығын ескеріп, экономить етіп суарылса деп ойлаймыз.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15