Биыл Парламент 104 заң қабылдады
Биыл Парламент 104 заң қабылдады. Бүгін Сенат Палатаның жылдық жұмысын қорытындылады. Отырысты ашқан Мәулен Әшімбаев алдымен, Маңғыстау облысында болған ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты. Төтенше жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен мемлекеттік комиссия құрылып, дер кезінде қажетті шаралар қабылданғанын жеткізді. Зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетіліп жатқанын айтты. Жиында сенаторлар мемлекеттік қызмет және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңдарға енгізілген өзгерістерді қарап, мақұлдады. Сенат Төрағасы Палатаның 2024 жылғы заңнамалық жұмысының нәтижесіне тоқталды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Жыл аяқталғанымен, депутаттық қызметіміз жалғаса бермек. Ертеңнен бастап сенаторлардың өңірлерге сапарлары басталады. Сапар кезінде тұрғындарды алаңдатқан өзекті мәселелерге баса мән беруіміз керек. Халыққа қабылданған заңдардың маңызын да кеңінен түсіндірген абзал.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15