Мемлекет басшысы Әзербайжан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті. Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтты. Мемлекет басшысы, оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия жұмысы туралы мәлімет беріп, Қазақстан тарапы ұшақ апатын жан-жақты және объективті түрде зерттеуге бар күш-жігерін салатынын жеткізді. Ильхам Әлиев іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша шұғыл әрекет еткені үшін Қазақстан Үкіметіне және халқына алғыс айтты.
Ал, Әзербайжан Республикасының Премьер-Министрі Әли Асадов, Қазақстанның Бакудағы Елшілігіне келіп, Ақтау маңындағы ұшақ апатына байланысты көңіл айту кітабында жазба қалдырды. Бұл туралы ҚР Әзербайжандағы Елшілігі хабарлады.
«Елдеріміз үшін осы ауыр және қайғылы сәтте Үкіметтің жедел реакциясын, Қазақстанның әртүрлі мемлекеттік органдарының жылдам және жан-жақты қолдауын, бауырлас Қазақстан халқының жанашырлығын жоғары бағалаймын және үлкен алғысымды білдіремін. Әзербайжан Үкіметі де өз кезегінде бұл оқиғаның салдарын жою үшін барлық күш-жігерін жұмылдырды және бұдан былай да жан-жақты қолдау көрсететін болады».
Әзербайжан премьер-министрі Қазақстанның Бакудегі елшілігіне барды
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15