Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Мемлекет басшысы мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды. Заңда қамқоршы ата-аналарға қойылатын талаптар қатаңдататылған. Оған бала асырап алушы мен асырап алынған баланың жас айырмашылығын анықтау, бала асырап алушының соттылығы туралы мәліметтерді жыл сайын жаңарту, психологиялық диагностикадан өту міндеттеледі. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, заңдағы толықтырулар қамқоршылық органдары қызметкерлері жетіспеушілігін де шешеді.
Қамқоршылық органдары қызметкерлерінің саны артады
Динара Зәкиева, ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл:
Түзету қамқоршылық органдары қызметкерлерінің санын нормативке сәйкес арттыруға мүмкіндік береді. Яғни, 5 мың балаға кемінде 1 қызметкер анықталуы тиіс. Мысалы, Шымкент қаласында қазір жарты миллион балаға 5 қызметкер ғана жұмыс істейді. Түзету қабылданғаннан кейін өңірдегі балалар санына сәйкес 90 қызметкер болмақ. Бұл бала құқықтарын қорғау жүйесін түбегейлі нығайтып, уақытылы әрекет етуге, қорғау және алдын алу функцияларын толық көлемде орындауға мүмкіндік береді. Жүйе салдарлармен емес, олардың алдын алумен айналысады.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01