Жетісу облысында зауыттар үшін өнімін өткізу өзекті мәселе болып барады
Жетісу облысында жылына 44 млн керамзит кірпішін өндіретін зауыт, өнімін өткізе алмай отыр. Ірі құрылыс нысандарын ұтып алған мердігерлер жергілікті кәсіпорынның өнімін алмай, материалдарды сырттан тасымалдайды. Өңірге іссапармен келген Мәжіліс депутаттары алдында 170 адам еңбек ететін зауыт басшысы осындай мәселе көтерді.
Осыған ұқсас жағдай жергілікті азық-түлік өндірушілерді де мазалайды. Әскери бөлімдер, ауруханалар және тағы басқа мемлекеттік мекемелердің асханаларына азық-түлік басқа жақтан сатып алынады. Нәтижесінде жергілікті тауарөндірушілер өнімін арзан бағамен ұсынып, шығынға батып отыр.
Болат Керімбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Кез келген параметрлері беріледі. Сол арқылы алматылықтар, шымкенттіктер басқа да облыстардан келіп ұтып алады. Және сол жақтың кірпіштерін тасиды дейді. Мен сатып алу заңына тағы да өзгеріс жасап, осындай құрылыс материалдарын шығаратын өңірлерде сол өңірдің өнімін алу мәселесін көтеру керек деп ойлаймын.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15