Түркістан облысында Оңалту орталығының басшысы мен бас есепшісі сотталды
Түркістан облысының Мақтаарал ауданында оңалту орталығының басшысы мен бас есепшісі сотталды. Олар мүгедек балалардың денсаулығын жақсарту үшін бөлінген 85 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған.
Облыстық экономикалық тергеп-тексеру Департаментінің мәліметінше, сотталғандар бұл қылмыстарын 2018-2024 жылдар аралығында жүйелі түрде жасап келген. Ал осы жылдар аралығында мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерге арналған оңалту бағдарламаларына қаржы тапшы болған еді. Сот барысында орталық басшысының құны 35 млн теңге тұратын пәтері тәркіленді.
Гүлзия Қарсыбай, Түркістан облыстық тергеп-тексеру Департаментінің аға жедел уәкілі:
Қазіргі таңда сот үкімімен аталған оңалту орталығының басшысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды және аталған орталықтың бухгалтері 7 жылға қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеуге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14