Студент ұшақта жолаушының өмірін қалай құтқарып қалғанын айтып берді
Бұл «Астана-Қызылорда» бағытындағы ұшақта болған жағдай. Астана медицина университетінің 7 курс студенті Дінмұхаммед Бектұрған әуеде адам өмірін аман сақтап қалды. Ол ұшақта есінен танып, жүрегі мен тыныс алуы тоқтап қалған науқастың өмірін құтқарып қалған. Кейіпкерді іздеп таптық. Сұхбаттастық, жағдайды былай баяндады.
Дінмұхаммед Бектұрған, студент:
Тыныс алуы тоқтады, менің айқайыма ол кісі жауап берген жоқ. Екі иығынан ұстап шайқадым ешқандай реакция болмады. Содан кейін бірден жүрек-өкпе реанимациясын жасау керек шешім қабылдадым деп.
Айта кетейік, үш тілде еркін сөйлейтін Дінмұхаммед Бектұрғанның анасы мен туған апайы да – медицина саласының қызметкерлері. Ал ұшақтағы оқыс жағдайды ұялы телефонына түсіріп алған Динара Қарлыхан Дінмұхамедтің батылдығы мен кәсібилігіне тәнті болғанын айтады.
Динара Қарлыхан, қала тұрғыны:
Өмірімде алғаш рет көрдім. Бұл өте қорқынышты болды. Өйткені, қасымда өзімнің 3 балам болды. Жаңағы кісі көз алдымызда қайта-қайта талып қалды. Егер ол жерде Дінмұхаммед болмаса, басқада медицина саласында жұмыс жасайтын қызметкер болмағанда өте қайғылы жағдай орын алар еді.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04