Мәулен Әшімбаев: Биыл Астанада Орталық Азия-Қытай саммитінің екінші отырысы өтеді
Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Қытай Халық Республикасына сапары аясында жергілікті саясаткерлермен және қытайлық дін көшбасшыларымен кездесті. Жиында рухани дипломатияны дамыту мәселесі талқыланды.
Сұхбат кезінде Мәулен Әшімбаев жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша Қазақстан мен Қытайдың ұстанымдары сәйкес екенін айтты. Сондай-ақ Сенат спикері Чжэ Цзян провинциясының губернаторы Ван Хаомен кездесіп, сауда-экономика, мәдени-гумманитарлық және өңіраралық ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының басшысы:
Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі жасампаз ынтымақтастық саясатын дәйекті түрде дәріптеп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тығыз өңірлік кооперацияны нығайтудың маңызды екенін бірнеше рет атап өтті. Осы тұрғыда Орталық Азия - Қытай форматының әлеуеті мол. Бұл арқылы инфрақұрылымдық жобаларды дамытып, саудаға серпіліс бере аламыз. Оған қоса инновациялық технологиялар мен инвестиция тарта аламыз. Биыл Астанада Орталық Азия-Қытай саммитінің екінші отырысы өтеді. Жиында әр тарапқа тиімді, маңызды мәселелер талқыланады деп ойлаймын.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15