«Жомарт жан» республикалық қайырымдылық орталығының отырысы өтті
Бүгін Ассамблеяның ауқымды қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру мақсатында құрылған «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті. Шарада орталықтың 2024 жылғы жұмысы қорытындыланып, биылға арналған жоспарлары талқыланды. Бұдан бөлек Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған жобаларды ұйымдастыру және іс-шараларды өткізудің негізгі тәсілдері пысықталды. Сондай-ақ қатысушылар өңірлердегі «Жомарт жан» орталықтарын дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
Евгений Больгерт, Сенат депутаты, ҚХА «Жомарт жан» республикалық қайырымдылық орталығының төрағасы:
Қазақстанда әлем елдеріндегідей қайырымдылық қызметін жүзеге асыратын азаматтар мен ұйымдар саны артып келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық қызметі – қоғамдық келісімді қолдаудың және этностардың ынтымақтастығын ілгерілетудің маңызды құралдарының бірі. Ассамблеяның «Жомарт жан» орталығы өткен жылдың қорытындысына сәйкес, мұқтаж жандарға 1,3 млрд теңге сомасында көмек көрсетті. Сонымен қатар қоғамда еңбек адамының, жұмысшы мамандықтардың қадірі арта түсуі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының тарапынан қоғамдық бағытқа серпін беріп, өз үлесімізді қосқымыз келеді.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15