Израиль мен «ХАМАС» атысты тоқтату туралы келісімге келді
Израиль мен «ХАМАС» Газа секторында соғысты тоқтатуға келісті. Мәміле қаңтардың 19-да күшіне енеді. Бұл ақпаратты тараптар арасындағы жанама келіссөздерге араағайындық танытқан Қатардың премьер-министрі Шейх Мохаммед бин Абдулрахман әл-Тани растады. Атысты тоқтату келісімі үш кезеңнен тұрады.
Оның 42 күнге созылатын бірінші фазасында Израиль әскері біртіндеп Газа секторынан шығады, анклавқа күн сайын гуманитарлық көмек тасыған жүздеген жүк көлігі кіргізіледі. «BBC-дің» мәліметінше, бұл кезеңде «ХАМАС» кепілдегі 94 адамның 33-ін бостандыққа шығарады.
Екінші кезеңде тараптар соғысты толық аяқтауға бағытталған қадамдарды талқылайды.
Ал үшінші кезең 6 аптаға созылуы мүмкін. Бұл уақытта соңғы келісім жасалмаса, атысты тоқтату режимі ұзартылмақ. Бітімнің жасалуы туралы хабарды палестиналықтар мен израильдіктердің көбі қуанышпен қабылдады. Оның нәтижесінде Газаның жүздеген мың тұрғыны мен 15 ай бойы «ХАМАС» кепілге алған израильдіктер үйіне оралуға мүмкіндік алады.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01