Джо Байден Ақ үй басшысы ретінде халыққа соңғы үндеуін жолдады
Израиль мен «ХАМАС-тың» бітімге келгенін АҚШ президенті Джо Байден де растады. Ақ үй басшысы бұл туралы америкалықтарға үндеуінде айтты.
«Бұл келісім - америкалық дипломатияның нәтижесі» деп мәлімдеді ол.
Байден бітім өзі былтыр мамырда ұсынған жоспарға сай жасалғанын да атап өтті. АҚШ президенті ретінде америкалықтарға соңғы үндеуінде ол бірқатар мәселені қозғады.
Америкада шектен тыс байлық, билік пен ықпалға ие олигархия қалыптасып келе жатқанын, ол демократияға қауіпті екенін айтты. Бұған қоса, климаттың өзгеруі және әлеуметтік желідегі жалған ақпарат жайында да ескерту жасады.
Джо Байден, АҚШ Президенті:
Америкалықтар жалған ақпарат астында көміліп жатыр. Бұл билікті асыра пайдалануға мүмкіндік береді. Баспасөз еркіндігі құлдырап, редакторлар жоғалып барады. Әлеуметтік желі фактчекингтен бас тартты. Шындықты өтірік тұншықтырды. Біз балаларымызды, отбасымызды және демократиямызды билікті асыра пайдаланудан қорғау үшін әлеуметтік платформаларды жауапкершілікке тартуымыз керек.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15