БҚО-да тағам тасушылар алкоголь тасымайтын болды
Бұдан былай Батыс Қазақстан облысында «Yandex», «Volt», «InDrive» сияқты тамақ жеткізушілер түнгі уақытта алкоголь өнімдерін тасымалдамайды. Қылмыстың алдын алу мақсатында облыс прокуратурасы мен кәсіпкерлер меморандумға қол қойды. Өйткені өңірде отбасындағы қылмыстардың 70% және қоғамдық орындағы құқықбұзушылықтың 22 % мас күйінде жасалған.
Елімізде мейрамхана, дәмханаларды қоспағанда, түнгі уақытта алкогольдік өнімдерді сатуға тыйым салынған. Соған қарамастан түнде арақ-шарап сатқан 40 алкомаркеттің 15-і бір айға лицензиясынан айырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде мас күйінде жасалған қылмыстар саны 17% төмендеген.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14