Израиль үкіметі атысты тоқтату туралы келісімді бүгін бекітеді
Израиль үкіметі Газа секторында атысты тоқтату туралы келісімді бүгін бекітеді. Бұл туралы премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі бірер сағат бұрын мәлімдеді. Бұған дейін келісімді мақұлдау кейінге қалуы ықтимал деген ақпарат шыққан еді. Израиль жағы «ХАМАС» құжатқа өзгеріс енгізгісі келеді деп айыптады. Алайда қарулы топ келісімге берік екенін мәлімдеді. Бітім осы аптада күшіне енуі тиіс. Израиль мен «ХАМАС» Газа секторында 15 айға созылған атысты тоқтатуға сәрсенбіде келісті. Мұның алдында Қатар, АҚШ пен Мысыр бірнеше ай бойы келіссөз жүргізіп, араағайындық танытып келді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53