Шыршадан құлаған мұғалім: Жұмыс берушінің кінәсі дәлелденді
Еңбек инспекциясы жаңа жылдық шыршаны безендіру кезінде құлап, бас сүйегі сынған мұғалім Қуат Айтқалиевке қатысты арнайы тексеру аяқталғанын жеткізді. Комиссия бұл жазатайым оқиға жұмыс берушінің, яғни мектеп директорының тапсырмасы бойынша орындалғанын растады. Еңбек инспекциясының мәліметінше, заңнамаға сай мұғалімге келген зиянды мектеп басшысы өтеуге міндетті. Жұмысқа заңсыз тартылған мұғалім үйінде ем алып жатқанымен жалақысы толық төленуде. Егер ол медициналық қызметтерді ақылы негізде алса, емделу шығындары толығымен өтеледі.
Тоқтарбек Түсіпбаев, Абай облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы Департаментінің бөлім басшысы:
Жұмыс берушінің кінәсі 100% болды. Бұл жерде жұмыскердің, жаңағы Айтқалиевтің кінәсі жоқ. Сондықтан комиссия солай шешті. Бүгінгі күнде енді оның жазатайым оқиға байланысты жоғалтқан еңбекақысы түгелі төленіп жатыр.
Серік Нұртаза
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03