Алматыда алғашқы мопед ресми тіркеуден өтті
Алматыда алғашқы мопед ресми тіркеуден өтті. Ахан Сахратов есімді қала тұрғыны қос дөңгелекті көлік құралына техникалық төлқұжаты мен мемлекеттік тіркеу номерін алды.
Естеріңізге сала кетейік, 5 сәуірден бастап елімізде мопедтер ресми түрде жеңіл көліктермен теңестіріледі. Оған сәйкес бұл шағын техниканы тізгіндегендер А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігін алуға міндетті. Құқық қорғау қызметкерлерінің сөзінше, бұл жол қозғалысын қауіпсіз етуге және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Ахан Сахратов, Алматы тұрғыны:
Бүгін өз мопедіме мемлекеттік номер алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына келдім. Алдағы мотомаусымды осындай жаңа өзгеріспен жол қозғалысы талаптарына сай бастауды жөн көрдім. Көпшілікке айтарым осы. Барлығы заң аясында болуы керек.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14