Жол салуға бөлінген 11 млрд теңге талан-тараж болған
Жол құрылысына бөлінген 11 млрд теңге талан-таражға салынған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Жол құрылысы саласында жоспарлаудан бастап, жұмыстарды қабылдауға дейін 1 200-ден астам жемқорлық тәуекелдері анықталды. Жобалар қолмен тексерілгендіктен, құжаттарда құрылысқа жұмсалатын қаржы еселеніп көрсетіліп келген. Осындай айла-тәсіл қолданған 600-ге жуық факті әшкереленді. Мұндай заңсыздықты болдырмас үшін, Антикор көлік министрлігіне 100-ге жуық ұсыныс жіберген.
Данияр Бегайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
Жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау мен сараптаманы автоматтандыру, Жол активтері сапасының ұлттық орталығының өкілеттіктерін күшейту, техникалық қадағалаудың жауапкершілігін арттыру, автожолдардың цифрлық картасын құру және басқа да мәселелер бойынша 100-ге жуық ұсыныс енгізілді.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14