Өзбекстандағы балабақшада сәбилер улы жыландардың шоуын тамашалаған
Өзбекстанда балабақшадағы сәбилерге улы жыландармен шоу көрсеткен. Бұл оқиға бүкіл желіні шулатты. Бүлдіршіндер ирелеңдеген қос бірдей кобраға тым жақын отырған.
Видеода көрініп тұрғандай қойылымнан соң жүргізуші екі жыланды құйрығынан абайлап ұстап, қорапқа салады. Кішкентай сәбилердің бұл көрініске мәз мейрам болып, қол соғып жатқаны да байқалады. Мұны көрген желі қолданушылары «аталған жылан түрлерінің әрекеті жылдам әрі аса улы» екенін жазып жатыр.
Бұл жағдайға алдымен балалар омбудсмені назар аударды. Көп ұзамай табиғат қорғау инспекторлары жыландарды тәркілеп, зообаққа өткізді. Ал іс бойынша материал сотқа жіберілді.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14