Ақтаудағы ұшақ апаты: Тергеудің алдын ала қорытындысы келесі аптада жарияланады
Ақтаудағы ұшақ апатының алдын ала тергеу қорытындысы келесі апта жарияланбақ. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Қазір Ресей, Әзербайжан, Бразилия елдерінің 18 сарапшысы «қара жәшіктегі» материалдарды зерттеп жатыр. Олар әуе кемесінің ұшқан уақыты, экипаждың өзара және диспетчерлермен байланысқан аудиожазбаларын жан-жақты тексеріп жатыр. Вице-премьер сондай-ақ апаттан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына демеушілер тағы әлеуметтік көмек көрсететінін айтты.
Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
Зерттеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының талабына сәйкес бір айдың ішінде тергеудің алдын ала қорытындысы шығуы тиіс. Сол ұстанымдарға сүйенсек, келесі аптада Көлік министрлігі тиісті ақпаратты жариялайды.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kozybayev University ғалымдары жол жабынының беріктігін арттыратын технология әзірледі
02.11.2026, 18:35
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17
Атырауда экстремистік топтың 10 мүшесі ұсталды
02.11.2026, 17:13
Жол салу стандарттары өзгереді
02.11.2026, 17:12
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15