БҚО-да көлікті мас күйінде айдаған әкім қатаң сөгіс алды
Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында көлікті мас күйінде жүргізген ауылдық округ әкімі қатаң сөгіс алды. Мәселе Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Ал Қаратөбе ауданында мемлекеттік қызметкер мүгедектерге инватакси қызметін ұйымдастыруда заң талаптарын бұзған. Осының негізінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына ескерту берілді. Сондай-ақ соңғы тоқсанда пара алып, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған мемлекеттік қызмет басшылығындағы 23 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мұрат Байсалов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық Департаментінің басшысы:
Шежін ауылдық округі әкімі әдеп нормаларының фактілерін бұзуға жол берген болатын. Аталған мәселе сот тәртібінде қаралған және тиісті түсініктемесімен расталады. Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелерімен оған қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыным берілді.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14