Алматыда жүрек транплантациясы сәтті жасалды
Алматыда кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтында жүрек трансплантациясы сәтті жасалды. 6 сағатқа созылған күрделі операцияға елдің бас кардиохирургы Юрий Пя жетекшілік еткен. Науқас бір жарым жылдан бері жүрек жетіспеушілігі диагнозымен есепте тұрыпты. Энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтынудың кесірінен жағдайы нашарлаған пациент, тіпті дәрі-дәрмек қабылдай алмайтын хәлге жеткен. Аурудың соңғы сатысына келген 43 жастағы азаматқа мәйіттік донор екінші өмір сыйлады. Кеуде тұсындағы дүрсілді қайта сезуге мүмкіндік алған Дәурен Атамбеков бүгін донордың туыстарына алғысын айтып, дәрігерлерге ризашылық білдірді.
Дәурен Атамбеков, Алматы тұрғыны:
Ең бірінші, екінші өмір сыйлаған Аллаға рахмет. Қолдары алтын дәрігерлерге мың да бір алғыс, мың да бір шүкіршілік. Келе жатқан жастарға айтайын, қара су ішсеңдер де, энергетик ішпеңдер. Энергетик ол жай алдау екен өзін-өзі.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркияда той-думанда ысырапқа жол берілмейді
28.07.2026, 17:08
Дастан Сәтпаев «Челсидегі» алғашқы голын соқты
28.07.2026, 17:07
Полиция күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді
28.07.2026, 17:07
Павлодар облысында экологиялық-танымдық квест өтті
28.07.2026, 17:05
Ел жаңалықтарына шолу
28.07.2026, 17:03
Жастардың жұмыссыздық деңгейі жыл сайын төмендеп келеді
28.07.2026, 17:00
Халық пікірі: Жастар – қоғамның қозғаушы күші
28.07.2026, 16:58
Ассамблея өкілдері Құрылтай сайлауын талқылады
28.07.2026, 16:57