Сот төрелігі академиясына қабылдау басталды
Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясына қабылдау басталды. Судьяларды магистратура арқылы дайындаудың мұндай тәсіліне сұраныс көп. Әйткенмен грант саны шектеулі. Жылына 60 адам ғана тегін оқи алады. Талапкер 29 жасқа толған, жоғары білімі бар, саладағы еңбек өтілі кем дегенде 4 жыл болу шарт. Жауаптылар оқу бітірген түлектердің 95 пайызға жуығы жұмысқа орналасатынын айтады. Дегенмен кадр тапшылығы әлі де бар.
Ержан Егембердиев, ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының ғылыми білім беру орталығының директоры:
Сот жүйесінде кадр тапшылығы бар. Біздің академияның түлектерінің саны осы жылы ғана 100 адамдай қабылдап отырмыз. Ал әдетте бізде мемлекеттік тапсырыс бойынша 60 қана адам. Әрине 60, 100 адам қазіргі таңдағы сот жүйесіндегі кадр жетіспеушілігін жаппайды. Бірақ біздің мақсат жабу емес. Біздің мақсат – сот жүйесіне жаңа форматтағы судьяларды кіргізу. Сот жүйесіндегі қазіргі құқықтық реформалар аясында өзгерістер әкелу.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15