«Сардар» мемлекеттік күзет қызметі Дубайда топ жарды
ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің «Сардар А» командасы БАӘ-нің Дубай қаласында өтіп жатқан UAE SWAT Challenge 2025 халықаралық сайысында жалпыкомандалық есепте үздік үштікке енді. Команда жарыстың екінші кезеңінде жеңімпаз атанды. «Сардар» алдағы күндері тағы үш жарысқа қатыспақ. 5 ақпанға дейін жалғасатын додаға Қазақстаннан Мемлекеттік күзет қызметінің «Сардар А» және «Сардар Б» командалары қатысып жатыр.
Айта кету керек, сарбаздарымыз былтыр дәл осы жарыста жүлдегер атанған еді. «Арнайы жасақтар олимпиадасы» аталып кеткен бұл сайыста командалар тактикалық шабуыл жарыстары, офицерлерді құтқару, биік мұнараға өрмелеу және кедергілерден сүрінбей өту сынды кезеңдерде мықтыны анықтайды.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15