Бір бөлмелі пәтерді жөндеуге қанша қаржы жұмсалады?
Жыл басталған бір ақ айдың ішінде құрылыс заттары 15-20 пайызға қымбаттады. Кәсіпкерлер осылай дейді. Алайда пәтерін жөндегісі келетіндер несие алса да, құрылыс затын сатып алуға келеді екен. Саудагерлер пайымы осындай. Әріптесім Серік Жұмабек базарға барып бір бөлмелі пәтердің құрылыс материалдарына кететін шығынды есептеп көрді.
Серік Жұмабек, тілші:
Мен дәл қазір елордамыздағы құрылыс заттарын сататын ең үлкен базардың бірінде тұрмын. Бүгін біз 40 шаршы метрлік пәтердің жөндеу жұмыстарына қанша құрылыс материалы кетеді және шығыны қанша болады осыны есептейміз.
Қажетті құрылыс заттарын 8 топқа жіктедік. Олар: электр жабдықтары, сантехника, сылақ, кафель, есік, ламинат пен плинтус, түсқағаз және жуынатын бөлмеге қажетті заттар. Біз бағаны сатушылардың өзінен сұрап көрдік. Саудагерлер базардағы ең төмен бағаны есептеді.
Серік Жұмабек, тілші:
Бүгін біз 40 шаршы метрлік пәтердің жөндеу жұмыстарына қажетті құрылыс материалдарының арасындағы ең арзандарын сіздерге есептеп көрсеттік. Бұл жерде жөндеуді жүргізетін маманның қызмет ақысы және үйге қажетті техникалар мен жиһаздың бағасы есептелмеген. Ескеретін бір дүние баға бүгінгі, яғни 31 қаңтардағы баға. Ал ертең басқа баға болуы мүмкін.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15