Түркістанда жол апатынан 6 адам қаза тапты
Түркістан облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан 6 адам қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы бүгін Кентау-Түркістан тас жолының бесінші шақырымында болған. Полицияның мәліметінше, жүргізушілердің бірі жылдамдықты асырып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сөйтіп екінші көлікке соғылған. Жол апатынан екі көлік те жанып кетті. 4 адам түрлі дене жарақатымен Кентаудағы ауруханаға жатқызылды.
Қазір осы оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04