Ел тұрғындарының 13 пайыздан астамы көлеңкелі экономикаға жол берген
Ел тұрғындарының 13 пайыздан астамы көлеңкелі экономикаға жол берген. Яғни, кәсіппен айналыса тұра табысын жасырған. Бұл - Adam Research сараптамалық компаниясының жүргізген зерттеудің нәтижесі.
Қорытындыға сай, салықтан жалтаратындардың дені - ауқатты азаматтар. Олар жалпы өз кәсіптерін сұлулық индустриясы, құрылыс, қоғамдық тамақтану, ауыл шаруашылығы және бөлшек саудасы мен жиһаз әзірлеу салаларында жүргізеді екен. Орташа табыстары айына 400 мың мен 600 мың теңге және одан жоғары. Көлеңкелі экономикадағы үлесі көп сала ол – бөлшек саудасы. Денсаулық сақтау мен білім беру саласы да осы тізімге кіреді.
Айбар Олжай, экономист:
Кәсібі бар, бірақ табысын жасыратындардың саны жағынан Батыс Қазақстан облысы көш бастап тұр. Екінші орында Маңғыстау облысы тұрса, үштікті Түркістан облысы түйіндейді. Алматы қаласы тізімде - 6, Шымкент - 7, ал Астана 9-орында. Көлеңкелі экономиканың үлесі ең аз облыс – Ақмола. Десек те экономиканың бақыланбайтын секторының жалпы ішкі өнімдегі үлесі жыл санып азайып келеді. Мәселен, 2018 жылы ол 27 пайызды құраған болса, 2023 жылы 17,5 пайызға қысқарған.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15