Депутат қосымша құн салығына қатысты ұсыныс білдірді
Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев үкіметке қосымша құн салығын көтерудің орнына балама жол ұсынды. Ол қосылған құн салығы мөлшерлемесінің ұлғаюы, бизнестің «көлеңкелі» тұсын көбейтіп, тұтынушылар үшін қымбатшылыққа әкелуі мүмкін деп есептейді. Депутат тиімсіз шығындарды қысқартуды, көлеңкелі экономикаға қарсы күресті күшейтуді және кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау тәсілін өзгертуді ұсынды. Оның айтуынша, тек жұмыс орындарын құратын және қосылған құны жоғары өнімдер шығаратын компаниялар ғана көмек алуы керек.
Берік Бейсенғалиев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Біздің ойымызша, үкімет бұл мәселеге басқа тәсілдер мен ұсыныстарды зерделей отырып, жан-жақты қарау керек. Жаңа салық кодексінің жобасына енгізілген салық жеңілдіктерін қайта қарауға және бизнеске арналған бөлшек салық режимін ескере отырып, қосымша құн салығын төлеу шегінің деңгейін талқылау қажет. Бизнестен салықты олар өздеріне зиян келтірмей бере алатындай мөлшерде ғана алу керек.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдіктер Қазақстанға келу үшін электронды рұқсат алуы керек
02.11.2026, 13:02
Президент жұмыс бабымен Қарағанды облысына барды
02.11.2026, 13:00
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03