Ардагерлерге шипажайлық-емдік көмек үнемі көрсетіледі
Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне шипажайлық-емдік көмек көрсетіліп жатыр. Ғасыр жасаған қарт майдангер Вениамин Скаленко 18 жасында соғысқа аттанған. Жеңісті 21 жасында Чехословакия жерінде қарсы алды. Бүгінде Вениамин Скаленко 75 жыл отасқан зайыбы Ксениямен бірге ұл-қыз тәрбиелеп, немере-шөбере сүйіп отыр. 100 жастағы, көңіл күйі әлі тың қария мемлекет қамқорлығына риза. Қажетті ем-домын алады. Биыл соғыс ардагерлеріне Жеңіс күніне орай 5 млн теңге берілмек. Оралда 9 соғыс ардагері тұрады.
Вениамин Скаленко, соғыс ардагері:
Бұл күнге жеткен де бар, жетпеген де бар. Жеңістің 80 жылдығы – үлкен мейрам әрі қастерлі күн. Өйткені 27 млн адамның өмірі қиылды. Ардагерлерге 9 мамырға аман-есен жетуін тілеймін. Ал бізді аш-жалаңаш қалдырмаған тың еңбеккерлеріне өмір бойы алғыс айтамын. Солардың арқасында жеңіске жеттік. Бейбіт заман болсын!
Индира Өтегенова, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі секторының бас маманы:
Тыл ардагерлеріне, барлығы 1208 адамға 9 мамыр Жеңіс күніне 50 мың теңгеден төлем аударылады. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ай сайынғы төлем бар. Ол бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 19 660 теңгеден беріледі.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Этнос өкілдері Құрылтай сайлауын талқылады
29.07.2026, 10:50
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда үздік нәтиже көрсетті
29.07.2026, 10:41
Босануға байланысты төленетін ең жоғары әлеуметтік төлем мөлшері - 2,5 млн теңгеге жетті
29.07.2026, 10:39
Ақтауда баланың жақ сүйегін зақымдаған тіс емханасына қатысты іс қозғалды
29.07.2026, 10:37
Жалған құжатпен зейнетақы алғандар анықталды
29.07.2026, 10:36
Астанада қауіпсіздік белдігін тақпаған 20 мыңнан астам жүргізушіге айыппұл салынды
29.07.2026, 10:26
Бүгін «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
29.07.2026, 10:24
Вашингтонда Трамп-Зеленский келіссөздері аяқталды
29.07.2026, 10:23