Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстары жеңілдейді
Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстары жеңілдейді. Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали осы бағытта жұмыс істейтін халықаралық қауымдастықтың басқарушы құрамына сайланды. Бұл ұйымға әлемнің 180-нен астам агенттігі мен халықаралық ұйымы кіреді. Енді әріптес елдермен тәжірибе, ақпарат алмасу, жаңа технологияларды алу, жемқорларды елге экстрадициялау жұмыстары едәуір жеңілдейді. Қазақстанмен қатар атқару комитетінің құрамына Гонконг, Малайзия мен Сингапурдың жетекші сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың басшылары кірді.
Асхат Жұмағали, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлыққа қарсы органдар қауымдастығының жоғары стандарттарды ілгерілету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық күш-жігерді шоғырландыру жөніндегі жұмыстарын жоғары бағалайды. Болашақта біз де бұл бастамаларға үлкен үлес қосатынымызға сенімдімін.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15