Алматыдан Нью-Йоркке тікелей әуе рейсі ашылады
Енді қазақстандықтар Нью-Йорк, Токио, Шанхай, Мумбай сынды әлемнің бес бірдей ірі қаласына тікелей ұшуға мүмкіндік алады. Биыл Алматы әуежайынан аталған бағыттарда жаңа рейстер ашылмақ. Сондай-ақ Қытай мен Өзбекстанның бірнеше қаласына халықаралық теміржол маршруты іске қосылады. Бұл туралы толығырақ тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес бейнематериалында.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Нью-Йорк, Токио, Шанхай мен Мумбай, Гуанчжоу және Чэнду. Биыл Алматы әуежайынан осы аталған 5 ірі қалаға тікелей әуе рейсін ашу жоспарланып отыр. Жоба бүгінде «Ашық НҚА» порталында жария талқылауға салынды. Аталған қалаларға тікелей рейстер ашылатан болса, туристер саны жыл сайын 15-20 пайызға артуы мүмкін. Мәселен, былтыр еліміздегі авиакомпаниялар 15 млн адамды тасымалдаған. Ал әуежайлар 30 млн жолаушыға қызмет көрсеткен.
Ләззат Стамғазиева, ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі:
Былтыр Алматыда халықаралық жаңа терминал ашылды. Енді Алматы қаласынан көбірек халықаралық рейстер ашуға мүмкіндігіміз бар. Биыл ашылатын рейстерді айтып өтейін: Алматыдан – Шанхайға, Гуанчжоу, сосын Ахмадабадқа рейстер бар, Үндістанға да бар. Одан қалды Грузия, Тбилиси. Ол биыл орындалатын рейстер қатарында. Биыл Еуропа қалаларына тағы да Рим, Мюнхен, Ригга қалаларына ұшып кетуге болады.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Айта кету керек, Нью-Йорк, Токио сынды қалаларға сағаттап ұшуға тура келеді. Сондықтан отандық авикомпаниялар ұшақ паркін жаңартуы тиіс. Жалпы, отандық әуе тасымалдаушыларының еншісінде 102 борт бар. Одан бөлек Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе мен Ақтау қалаларының әуежайларын халықаралық хабқа айналдыру міндеті тұр. Яғни, аталған қалалардағы әуежайлар инвесторлар қаржысына толықтай модернизациядан өтеді. Сондай-ақ биыл Алматыдан Қытайдың Сиань қаласына дейін теміржол маршруты іске қосылады. Алматыдан Өзбекстанның Бухара, Самарқанд қалалары дейін барып, Шымкентке қайтатын тағы бір маршрут ашылады. Бұл түркі тілдес елдердің арасындағы туристік әлеуетті арттыру үшін жасалып отыр.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Германияның Михендорф қалашығында Аяз аталар дәстүрлі жүгіруден жарысты
08.12.2025, 14:10
«Қазақы тазы» тұқымының республикалық байқауы өтті
08.12.2025, 14:08
Шығыс Қазақстанда қысқы туризм маусымы ашылды
08.12.2025, 14:07
Еліміз бойынша 814 км өзен арнасы тазартылады
08.12.2025, 14:06
Кәсіпорын табысының бір бөлігі халық игілігіне жұмсалуы керек
08.12.2025, 14:05
БҰҰ Украина бойынша отырыс өткізеді
08.12.2025, 14:04
Таиланд пен Камбоджа арасындағы даулы шекарада қарулы қақтығыс қайта басталды
08.12.2025, 14:03
Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 адам қаза тапты
08.12.2025, 14:02