Израиль үкіметі Трамптың Газа халқын көшіру жоспарын қолдады
Израиль мен АҚШ-тың Иранның ядролық бағдарламасын шектеу және Газа секторына қатысты ұстанымдары ортақ болады. Мұны премьер-министр Биньямин Нетаньяху осы аймаққа алғаш рет Құрама Штаттардың Мемлекеттік хатшысы ретінде барған Марко Рубиомен кездесуде мәлімдеді. Айта кету керек, жақында Трамп Газа секторының 2 миллионнан астам халқын түгел көшіріп, бұл палестиналық анклавты Вашингтонның қарамағына алу мәселесін көтерді. Нетаньяху Ақ үй басшысының идеясын ашық қолдап отыр.
Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:
Газалықтарға неге мүмкіндік бермеске? Бұл территорияны ашық аспан астындағы түрме деп атайды. Оған біз кінәлі емеспіз. Соңғы екі жылдың өзінде анклавтан 150 мың палестиналық көшіп кеткен. Жай емес, олар пара беріп қашқан.
Бірақ Трамптың ұсынысына газалықтардың өздері ғана емес, бүкіл Араб әлемі қарсы. Сонымен қатар осы секторды Америкаға беру жоспарына наразылық білдіріп, Лондонда да жүздеген адам шеруге шықты.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09
Азия ойындарының әзірлігі аяқталып келеді
18.09.2026, 10:08
ЕО-ның 27 елінде жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынуы мүмкін
18.09.2026, 10:07
Ғабит Мүсірепов театры 80 жылдығын Көктөбеде атап өтті
18.09.2026, 10:06
«Жасмин мен Балу» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2026, 10:04
Қостанайда Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
18.09.2026, 10:01
Ақмола облысында жолаушылар пойызы 13 бас ұсақ малды қағып кетті
18.09.2026, 10:01
Қазгидромет: Қазан айы жылы болады
18.09.2026, 10:00